BigData елегінде – Абайдың қара сөздері


Айтпақшы, бұл жазбаны Telegram-каналдан да жедел оқи салуға болады ;-)
Бөлісу:

BigData елегінде - Абайдың қара сөздері


Яндекс Дзенде де оқи салуға болады

«BigData» дегеніміз не? Ол медиада не үшін қажет?
Бұл сұрақтарға мейлінше көп оқырманға таныс Абайдың «Қара сөздеріне» BigData ретінде қарау арқылы жауап беріп көрейін.

«BigData» дегеніміз – үлкен дата, үлкен мәлімет қоры. Компьютер ғылымының түсінігі. Бірақ BigData журналистік зерттеу техникасы ретінде қарастырылып, сәтті қолданылып жүр.

Ол қалай сонда? Мақалаға қажет мәліметтер қайдан, қалайша BigData бола алады?

Ол үшін дөрекі мысал келтірейік.

Мысал. 10. Он деген санды білесіз. Біз оны осылайша, бүтін, тұтас сан түрінде танимыз. Бизнес орталықтағы оныншы бөлме, театрдағы оныншы қатар, он түйір тас, т.с.с.

Бірақ өмірде кездесетін 10 саны түрлі амалмен шыққан болуы мүмкін ғой.

Мысалы, арифметикалық түрде солай: 1+9=10; 8+2=10; 2+2+2+2+2=10, т.с.с.

Ендеше біз 10 санын тұтас түрінде танығанымызбен, ол өмірдің түрлі жағдайында – түрлі әдіспен құралған сан.

Қонақ үйдегі N10 бөлме  оған дейін – тоғыз бөлме бар деген сөз бе? Мүмкін иә, мүмкін жоқ. 1-бөлме, 2-бөлме, 3-бөлме, 4-бөлме деп келе жатып, кенет – 5A, 5B, 5C деп жалғасуы мүмкін. Шын мәнінде он бес бөлме болып шығуы ғажап емес. Сіздер мұндайды әсіресе ғимараттардың мекенжайынан жиі ұшырастырасыздар. Мысалы, мен тұратын үйдің нөмірі – 31A. Өмірде бізге әлдеқандай нәрсенің саны белгілі болғанымен, оның құрамдас бөліктерін де білу маңызды.

Ендеше, журналистер де біртұтас мазмұндағы мәліметтерге BigData ретінде қарап, оның құрамдас бөліктерінің арасындағы тәуелдік, бұрын байқалмай келген заңдылық, тренд көруі мүмкін. Немесе шашыранды, түрлі дереккөзден алынған мәліметтерді өзара байланыстырып, мәселенің біртұтас бейнесін жасауы да ықтимал.


«Қара сөздегі» қазақ

Мысал үшін Абайдың  «Қара сөздеріне» BigData ретінде қарайық. BigData-мен жұмыстың басты әдістерінің бірі – біртұтас мәліметті құрамдас бөліктерге бөлу немесе жан-жақтан жиналған өзара тәуелсіз ақпарлардан мәселенің біртұтас бейнесін жасау дедік. Яғни, шашу немесе жинау.

«Қара сөздер» біртұтас шығарма. Тақырыбы – адам болу. Ал енді оны құрамдас бөліктерге бөлейік. Мысалы, «Қара сөздерде» қанша ұлт аталған? Немесе, қанша жануар атауы, кісі есімдері, жер-су аттары бар? Тек заттарды емес, сонымен бірге – ауа райы, көңіл-күй, себептер, т.с.с. бірліктерді жинап алып, топтастыруға болады. Олар не береді? Міне, бұл енді – BigData-ны оқудың, аналитиканың мәселесі.

Мысалы, «қазақ» сөзі бар сөйлемдерді теріп алайық:

қазақ
II сөз
Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ сартты көрсе, күлуші еді «енеңді ұрайын, кең қолтық, шүлдіреген тәжік, Арқадан үй төбесіне саламын деп, қамыс артқан, бұтадан қорыққан, көз көргенде «әке-үке» десіп, шығып кетсе, қызын боқтасқан, «сарт-сұрт деген осы» деп...
...Орысқа қарамай тұрғанда қазақтың өлісінің ахиреттігін, тірісінің киімін сол жеткізіп тұрды...
III сөз
Қазақтың бірінің біріне қаскүнем болмағының, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғынының, рас сөзі аз болатұғынының, қызметке таласқыш болатұғынының, өздерінің жалқау болатұғынының себебі не?
...Ол қыстауынан айырылған және біреуге тиіспек, я болмаса орынсыздығынан елден кетпек - әр қазақтың ойы осы...
...Осы күнде қазақ ішінде «ісі білмес, кісі білер» деген мақал шықты...
Осы қазақ халқының осындай бұзықшылыққа тартып, жылдан жылға төмендеп бара жатқанын көрген соң, менің ойыма келеді: Халықтың болыстыққа сайлаймын деген кісісі пәлен қадәрлі орысша образование алған кісі болсын.
...Оның себебі: әуелі - қызметқұмар қазақ балаларына образование беруге ол да - пайдалы іс, екінші - назначениемен болған болыстар халыққа міндетті болмас еді, ұлықтарға міндетті болар еді...
...Бұл билік деген біздің қазақ ішінде әрбір сайланған кісінің қолынан келмейді....
...Бұрынғы қазақ жайын жақсы білген адамдар айтыпты: «Би екеу болса, дау төртеу болады» деп...
V сөз
...Қазақтар: «Ә, құдай, жас баладай қайғысыз қыла гөр!» деп тілек тілегенін өзім көрдім...
...Қазақтар: «Ә, құдай, жас баладай қайғысыз қыла гөр!» деп тілек тілегенін өзім көрдім...
...Мағлұм болды: қазақ тыныштық үшін, ғылым үшін, білім үшін, әділет үшін қам жемейді екен, мал үшін қам жейді екен, бірақ ол малды қалайша табуды білмейді екен, бар білгені малдыларды алдап алмақ яки мақтап алмақ екен, бермесе оныменен жауласпақ екен....
VI сөз
Қазақтың бір мақалы: «Өнер алды - бірлік, ырыс алды -тірлік» дейді. Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады - білмейді. Қазақ ойлайды: бірлік - ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді...
IX сөз
Осы мен өзім - қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе? Егер жақсы көрсем, қылықтарын қостасам керек еді....
...Қайратты күнімде қазақты қиып бөтен жаққа кетпек түгіл, өзін жақсы көріп, үміт етіп жүріппін....
X сөз
...Егерде ержетсін десең, өзі ержетіп, ата-анасын тұзақтан құтқарарлық бала қазақтан туа ма екен?...
...Ешбір қазақ көрмедім, малды иттікпен тапса да, адамшылықпен жұмсаған....
XIV сөз
...Біздің қазақтың жүректі кісі дегені - батыр кісі дегені...
...Қазақтың «жүректісі» мақтауға сыймайды. Айтқанға көнгіш, уағдада тұрғыш, бойын жаманшылықтан тез жиып алғыш, көштің соңынан итше ере бермей, адасқан көптен атының басын бұрып алуға жараған, әділетті ақыл мойындаған нәрсеге, қиын да болса, мойындау, әділетті ақыл мойындамаған нәрсеге, оңай да болса, мойындамау - ерлік, батырлық осы болмаса, қазақтың айтқан батыры - әншейін жүректі емес, қасқыр жүректі деген сөз...
...Қазақ та адам баласы ғой, көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдың сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылықтың жоқтығынан азады...
...Жаманшылыққа бір елігіп кеткен соң, бойын жиып алып кетерлік қайрат қазақта кем болады...
XVI сөз
...Қазақ құлшылығым құдайға лайық болса екен деп қам жемейді. Тек жұрт қылғанды біз де қылып, жығылып, тұрып жүрсек болғаны дейді...
XXII сөз
...Дәл осы күнде қазақтың ішінде кімді жақсы көріп, кімді қадірлеймін деп ойладым...
XXIII сөз
Біздің қазақты оңдырмай жүрген бір қуаныш, бір жұбаныш дегендер бар...
XXIV сөз
...Жер жүзінде екі мың миллионнан көп артық адам бар, екі миллиондай қазақ бар. Біздің қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды...
...Жоқ, қазақ ортасында да ұрлық, өтірік, өсек, қастық қалып, өнерді, малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістерлік күн болар ма екен? ...
XXV сөз
...Ләкин осы күнде орыс ғылымын баласына үйреткен жандар соның қаруымен тағы қазақты аңдысам екен дейді...
...Қазаққа күзетші болайын деп, біз де ел болып, жұрт білгенді біліп, халық қатарына қосылудың қамын жейік деп ниеттеніп үйрену керек...
...Сүйтсе де, осы оқыған балалар - ана оқымаған қазақ балаларынан үздік, озық. Не қылса да сөзді ұқтырса болады оларға...
...Және де кейбір қазақтар ағайынымен араздасқанда: «Сенің осы қорлығыңа көнгенше, баламды солдатқа беріп, басыма шаш, аузыма мұрт қойып кетпесем бе!» деуші еді...
...Осындай жаман сөзді, құдайдан қорықпай, пендеден ұялмай айтқан қазақтардың баласы оқығанменен не бола қойсын? Сонда да өзге қазақ балаларынан артық үйренгені немене, қай көп үйреніпті?...
...Әйтпесе, бір ит қазақ болып қалған соң, саған рахат көрсете ме, өзі рахат көре ме, я жұртқа рахат көрсете ме?...
XXVI сөз
Біздің қазақтың қосқан аты алдында келсе, түсірген балуаны жықса, салған құсы алса, қосқан иті өзгеден озып барып ұстаса, есі шығып бір қуанады...
...Осы қуаныш бәрі де қазақ қарындастың ортасында бір хайуанның өнерінің артылғанына я бір бөтен адамның жыққанына мақтанарлық не орны бар?...
...Мұның бәрі - қазақтың қазақтан басқа жауы жоқ, биттей нәрсені бір үлкен іс қылған кісідей қуанған болып, ана өзгелерді ызаландырсам екен демек...
...Не жаманшылық болса да бір әдет етсе, қазақ ол әдетінен еріксіз қорыққанда я өлгенде тоқтайды, болмаса ақылына жеңгізіп, мұным теріс екен деп біліп, ойланып өздігінен тоқтаған адамды көрмессің...
XXIX сөз
...Біздің қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар...
XXX сөз
...Өздерің көріп жүрсіңдер, осы айтқан сөз бойына лайық қазақ көрдіңдер ме? Өлімге шыдайтұғын қазақ көргенім жоқ, өлімге шыдамаймын деген де қазақ көргенім жоқ, кеңірдегін ғана көрсетеді-ау: «қиылып қана қалайын» деп...
XXXIII сөз
...Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі - қазақтың әулиесі сол. Бірақ құдай тағала қолына аз-маз өнер берген қазақтардың кеселдері болады...
...Осы қолындағы аз-мұзына мақтанып, осы да болады деп, баяғы қазақтың талапсыздығына тартып, жатып алады...
... Қазақтың баласының өзі алдағыш бола тұрып және өзі біреуге алдатқыш болатұғыны қалай?...
XXXIV сөз
...Қазақ осыған да, амал жоқ, нанады, анық өз ойына, ақылына тексертіп нанбайды...
...Енді ойлап қарай бер, біздің қазақ та мұсылман екен!...
XXXVI сөз
...Біздің қазақтың өзінің мақалы да бар: «ұят кімде болса, иман сонда» деген...
XL сөз
...Осы, біздің қазақтың өлген кісісінде жаманы жоқ, тірі кісісінің жамандаудан аманы жоқ болатұғыны қалай?...
...Қай қазақты көрсем де, баласы жасырақ болса, оның басынан пәрмене болып жүріп, ержеткен соң суық тартатұғыны қалай?...
...Қазақтың шын сөзге нанбай, құлақ та қоймай, тыңдауға қолы да тимей, пәлелі сөзге, өтірікке сүттей ұйып, бар шаруасы судай ақса да, соны әбден естіп ұқпай тынбайтұғыны қалай?...
XLI сөз
...Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі нәрсе керек...
...Ол баланы қазақтың бәрін паралап көндірерлік дәулет бір кісіге бітуге мүмкін де емес...
...Қазақты я қорқытпай, я параламай, ақылменен не жырлап, не сырлап айтқанменен ешнәрсеге көндіру мүмкін де емес...
XLII сөз
...Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретұғынының бір себебі - жұмысының жоқтығы. ..
...Сол үшін осы күнгі қазақтың іске жараймын дегені өзінің азды-көптісін біреуге қоса салып, «көре жүр, көздей жүр» деп басын босатып алып, сөз аңдып, тамақ аңдып, ел кезуге салынады...
XLIV сөз
...Мұнысы рас, қазақтың өз құлқына қарағанда. Бірақ адамдыққа, ақылға қарағанда, қазақ түгіл, көңіл жиіркенетұғын іс...
...Әрқайсысы қазаққа яки бірі бар, бірі жоқ болса, бағанағы екі бұлдамақ та болып, басына «осыным бірсыпыра елеу азық болар» деген талаппенен қылып жүр. Мұнысы қазақтың тамырын ұстап-ұстап қарайды дағы, «мынаны алып келіп берсе, қымбат алғандай екен, осы күнде мына бір істің біраз пұлы бар екен» деп, қазақтың өз бетінен оқып, ізденген талап болмаса, кітап бетінен оқып іздеген талап емес...
Қазақтың бетіне қарап, содан оқыған болса, ол талабыңды қыла бер, көкіректі тым тазалаймын деме, оны кім көріп жатыр, ішінде қатпар көп болмаса, құт-берекеге жағымды болмайды дейді.

Енді оларды мағынасына қарай бояп отырайық. Жақсы мағынадағы сөйлем болса – жасылға, мағынасы бейтарап болса – ашық көкке, жағымсыз пікір болса – қызылға бояйық:

Позитив
Нейтрал
Негатив

 

Сосын боялған торкөздерді бір жерге топтастырсақ, біз Абайдың көңіл-күйінің картасын жасаған болар едік. Мұны дата-аналитикада «сөз райы» (sentiment) деп атайды.

N
Сөйлем
Райы
1
Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ сартты көрсе, күлуші еді «енеңді ұрайын, кең қолтық, шүлдіреген тәжік, Арқадан үй төбесіне саламын деп, қамыс артқан, бұтадан қорыққан, көз көргенде «әке-үке» десіп, шығып кетсе, қызын боқтасқан, «сарт-сұрт деген осы» деп…
2
…Орысқа қарамай тұрғанда қазақтың өлісінің ахиреттігін, тірісінің киімін сол жеткізіп тұрды…
3
Қазақтың бірінің біріне қаскүнем болмағының, бірінің тілеуін бірі тілеспейтұғынының, рас сөзі аз болатұғынының, қызметке таласқыш болатұғынының, өздерінің жалқау болатұғынының себебі не?
4
…Ол қыстауынан айырылған және біреуге тиіспек, я болмаса орынсыздығынан елден кетпек – әр қазақтың ойы осы…
5
…Осы күнде қазақ ішінде «ісі білмес, кісі білер» деген мақал шықты…
6
Осы қазақ халқының осындай бұзықшылыққа тартып, жылдан жылға төмендеп бара жатқанын көрген соң, менің ойыма келеді: Халықтың болыстыққа сайлаймын деген кісісі пәлен қадәрлі орысша образование алған кісі болсын.
7
…Оның себебі: әуелі – қызметқұмар қазақ балаларына образование беруге ол да – пайдалы іс, екінші – назначениемен болған болыстар халыққа міндетті болмас еді, ұлықтарға міндетті болар еді…
8
…Бұл билік деген біздің қазақ ішінде әрбір сайланған кісінің қолынан келмейді…
9
…Бұрынғы қазақ жайын жақсы білген адамдар айтыпты: «Би екеу болса, дау төртеу болады» деп…
10
…Қазақтар: «Ә, құдай, жас баладай қайғысыз қыла гөр!» деп тілек тілегенін өзім көрдім…
11
…Мағлұм болды: қазақ тыныштық үшін, ғылым үшін, білім үшін, әділет үшін қам жемейді екен, мал үшін қам жейді екен, бірақ ол малды қалайша табуды білмейді екен, бар білгені малдыларды алдап алмақ яки мақтап алмақ екен, бермесе оныменен жауласпақ екен…
12
Қазақтың бір мақалы: «Өнер алды – бірлік, ырыс алды -тірлік» дейді. Бірлік қандай елде болады, қайтсе тату болады – білмейді. Қазақ ойлайды: бірлік – ат ортақ, ас ортақ, киім ортақ, дәулет ортақ болса екен дейді…
13
Осы мен өзім – қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе? Егер жақсы көрсем, қылықтарын қостасам керек еді…
14
…Қайратты күнімде қазақты қиып бөтен жаққа кетпек түгіл, өзін жақсы көріп, үміт етіп жүріппін…
15
…Егерде ержетсін десең, өзі ержетіп, ата-анасын тұзақтан құтқарарлық бала қазақтан туа ма екен?…
16
…Ешбір қазақ көрмедім, малды иттікпен тапса да, адамшылықпен жұмсаған…
17
…Біздің қазақтың жүректі кісі дегені – батыр кісі дегені…
18
…Қазақтың «жүректісі» мақтауға сыймайды. Айтқанға көнгіш, уағдада тұрғыш, бойын жаманшылықтан тез жиып алғыш, көштің соңынан итше ере бермей, адасқан көптен атының басын бұрып алуға жараған, әділетті ақыл мойындаған нәрсеге, қиын да болса, мойындау, әділетті ақыл мойындамаған нәрсеге, оңай да болса, мойындамау – ерлік, батырлық осы болмаса, қазақтың айтқан батыры – әншейін жүректі емес, қасқыр жүректі деген сөз…
19
…Қазақ та адам баласы ғой, көбі ақылсыздығынан азбайды, ақылдың сөзін ұғып аларлық жүректе жігер, қайрат, байлаулылықтың жоқтығынан азады…
20
…Жаманшылыққа бір елігіп кеткен соң, бойын жиып алып кетерлік қайрат қазақта кем болады…
21
…Қазақ құлшылығым құдайға лайық болса екен деп қам жемейді. Тек жұрт қылғанды біз де қылып, жығылып, тұрып жүрсек болғаны дейді…
22
…Дәл осы күнде қазақтың ішінде кімді жақсы көріп, кімді қадірлеймін деп ойладым…
23
Біздің қазақты оңдырмай жүрген бір қуаныш, бір жұбаныш дегендер бар…
24
…Жер жүзінде екі мың миллионнан көп артық адам бар, екі миллиондай қазақ бар. Біздің қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды…
25
…Жоқ, қазақ ортасында да ұрлық, өтірік, өсек, қастық қалып, өнерді, малды түзден, бөтен жақтан түзу жолмен іздеп, өрістерлік күн болар ма екен?…
26
…Ләкин осы күнде орыс ғылымын баласына үйреткен жандар соның қаруымен тағы қазақты аңдысам екен дейді…
27
…Қазаққа күзетші болайын деп, біз де ел болып, жұрт білгенді біліп, халық қатарына қосылудың қамын жейік деп ниеттеніп үйрену керек…
28
…Сүйтсе де, осы оқыған балалар – ана оқымаған қазақ балаларынан үздік, озық. Не қылса да сөзді ұқтырса болады оларға…
29
…Және де кейбір қазақтар ағайынымен араздасқанда: «Сенің осы қорлығыңа көнгенше, баламды солдатқа беріп, басыма шаш, аузыма мұрт қойып кетпесем бе!» деуші еді…
30
…Осындай жаман сөзді, құдайдан қорықпай, пендеден ұялмай айтқан қазақтардың баласы оқығанменен не бола қойсын? Сонда да өзге қазақ балаларынан артық үйренгені немене, қай көп үйреніпті?…
31
…Әйтпесе, бір ит қазақ болып қалған соң, саған рахат көрсете ме, өзі рахат көре ме, я жұртқа рахат көрсете ме?…
32
Біздің қазақтың қосқан аты алдында келсе, түсірген балуаны жықса, салған құсы алса, қосқан иті өзгеден озып барып ұстаса, есі шығып бір қуанады…
33
…Осы қуаныш бәрі де қазақ қарындастың ортасында бір хайуанның өнерінің артылғанына я бір бөтен адамның жыққанына мақтанарлық не орны бар?…
34
…Мұның бәрі – қазақтың қазақтан басқа жауы жоқ, биттей нәрсені бір үлкен іс қылған кісідей қуанған болып, ана өзгелерді ызаландырсам екен демек…
35
…Не жаманшылық болса да бір әдет етсе, қазақ ол әдетінен еріксіз қорыққанда я өлгенде тоқтайды, болмаса ақылына жеңгізіп, мұным теріс екен деп біліп, ойланып өздігінен тоқтаған адамды көрмессің…
36
…Біздің қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар…
40
…Өздерің көріп жүрсіңдер, осы айтқан сөз бойына лайық қазақ көрдіңдер ме? Өлімге шыдайтұғын қазақ көргенім жоқ, өлімге шыдамаймын деген де қазақ көргенім жоқ, кеңірдегін ғана көрсетеді-ау: «қиылып қана қалайын» деп…
41
…Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі – қазақтың әулиесі сол. Бірақ құдай тағала қолына аз-маз өнер берген қазақтардың кеселдері болады…
42
…Осы қолындағы аз-мұзына мақтанып, осы да болады деп, баяғы қазақтың талапсыздығына тартып, жатып алады…
43
… Қазақтың баласының өзі алдағыш бола тұрып және өзі біреуге алдатқыш болатұғыны қалай?…
44
…Қазақ осыған да, амал жоқ, нанады, анық өз ойына, ақылына тексертіп нанбайды…
45
…Енді ойлап қарай бер, біздің қазақ та мұсылман екен!…
46
…Біздің қазақтың өзінің мақалы да бар: «ұят кімде болса, иман сонда» деген…
47
…Осы, біздің қазақтың өлген кісісінде жаманы жоқ, тірі кісісінің жамандаудан аманы жоқ болатұғыны қалай?…
48
…Қай қазақты көрсем де, баласы жасырақ болса, оның басынан пәрмене болып жүріп, ержеткен соң суық тартатұғыны қалай?…
49
…Қазақтың шын сөзге нанбай, құлақ та қоймай, тыңдауға қолы да тимей, пәлелі сөзге, өтірікке сүттей ұйып, бар шаруасы судай ақса да, соны әбден естіп ұқпай тынбайтұғыны қалай?…
50
…Қазаққа ақыл берем, түзеймін деп қам жеген адамға екі нәрсе керек…
51
…Ол баланы қазақтың бәрін паралап көндірерлік дәулет бір кісіге бітуге мүмкін де емес…
52
…Қазақты я қорқытпай, я параламай, ақылменен не жырлап, не сырлап айтқанменен ешнәрсеге көндіру мүмкін де емес…
53
…Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретұғынының бір себебі – жұмысының жоқтығы. ..
54
…Сол үшін осы күнгі қазақтың іске жараймын дегені өзінің азды-көптісін біреуге қоса салып, «көре жүр, көздей жүр» деп басын босатып алып, сөз аңдып, тамақ аңдып, ел кезуге салынады…
55
…Мұнысы рас, қазақтың өз құлқына қарағанда. Бірақ адамдыққа, ақылға қарағанда, қазақ түгіл, көңіл жиіркенетұғын іс…
56
…Әрқайсысы қазаққа яки бірі бар, бірі жоқ болса, бағанағы екі бұлдамақ та болып, басына «осыным бірсыпыра елеу азық болар» деген талаппенен қылып жүр. Мұнысы қазақтың тамырын ұстап-ұстап қарайды дағы, «мынаны алып келіп берсе, қымбат алғандай екен, осы күнде мына бір істің біраз пұлы бар екен» деп, қазақтың өз бетінен оқып, ізденген талап болмаса, кітап бетінен оқып іздеген талап емес…
57
Қазақтың бетіне қарап, содан оқыған болса, ол талабыңды қыла бер, көкіректі тым тазалаймын деме, оны кім көріп жатыр, ішінде қатпар көп болмаса, құт-берекеге жағымды болмайды дейді.

 

Бұл жолақтарды қарап отырып, не түйдіңіз? Ал кестені былай берсек:

«Қара сөздердегі» «қазақ» сөздеріне байланысты Абайдың көңіл-күйі

BigData-ның бір қыры осы – мәліметтерді ұғынықты түрде көрсетіп, мазмұнын оқырманның өзіне пайымдауға қалдырады. Ал біз жақсы журналистік зерттеудің – әрқашан бейтараптық сақтап, шешім қабылдауды оқырманның өзіне қалдыру екенін білеміз.


Статистика

(шылаулар есептелмеген)

«Қара сөздерде» ең көп қолданылған сөзді білесіз бе? Мен таныстарымнан шығармаға қарамай айтуды сұрағанда, олардың барлығы дерлік  «адам» деген сөз шығар» деген. Шамамен тапты деуге болады: «адам» деген сөз қолданылу жиілігі жағынан 9-орында тұр екен:

«Қара сөздерде» ең көп кездесетін сөздердің алғашқы жиырмасы

Және «адам» сөзі – осы тізімдегі жалғыз зат есім.

Немесе, ең көлемді және ең қысқа «қара сөз» қайсылар? Символдарын санау арқылы (қазақша кирил нұсқасын) қарасақ, келесідей бейне шығады:

«Қара сөздер»:  үлкенінен кішісіне қарай

BigData-да кестемен жұмыс істей білу маңызды. Сонымен бірге, скрипттік програмдау тілдерінің бірін, SQL тілін үйренген жақсы. Бұлар соңғы кездері журналистер үшін арнайы курс ретінде оқытылатын болып жүр.


Функционал тәуелдік

BigData-ның мәліметті бейнелеудегі қуатты тұсы – функционал тәуелдікті айқын, визуал көрсете алуы.

Шетелден қарыз алған сайын әлеуметтік жағдай жақсара берді ме? Бизнестің табысты болуының билікке туысқандық қатынасқа байланысы бар ма? Жерлестік факторы ұлттық компаниялардағы мансапқа әсер ететіні рас па? Ауа райы іскерлік өмірдің темпін қалай өзгертеді? Міне, біз BigData арқылы – декларатив, жария жәйттерден басқа, бұрын жасырын болып келген, не мән берілмеген бейне көре алар едік.

Мысалы, Абай «Қара сөздерді» 45 жасынан бастап жаза бастады. «Қара сөздерді» Абайдың есеюіне тәуелдігін қарап көрейік:

Абай қай жасында қайсы «сөздерді» жазды?

Бұл кестені қалай сөйлетуге болады?

Абай 58 жасында қайтыс болды. Қара сөздің соңғысын 53 жасында жазған. 9 жыл бойы үздіксіз жазып келе жатып, неліктен тастап кетті? Әлде шығарма өз тақырыбы бойынша шырқау шегіне жетті ме?

Сөздерді жазуды 45 жасында, салыстырмалы түрде кеш бастаған. Неге тура 45 жасында бастады? Ол дәл осы жаста пәлсапалық трактат форматымен жазылған бір еңбекті көріп, ұнатты ма екен, солай болса – қай еңбек болды екен?

Ал көрсетілген жылдарда қазақ даласында, немесе қоғамдық-саяси өмірге әсері болмай қоймайтын Ресей Империясында қандай оқиғалар болды? Олар Абайдың сол жылдардағы жазған сөздерінде көрініс тапты ма? Мысалы, Ресейдегі социал-демократиялық сеңжүрістердің әсері бар ма?

Осылайша жіктеу биографтарға, зерттеушілерге жаңа бағыт беріп, мүмкін, біз байқамаған жаңа мәліметтерді, оқиғаларды айқындар еді.


ҚОРЫТЫНДЫ

Бұл – BigData-ға кіріспе жазбамыз. Шынайы жағдайда BigData – бірі бірінен тәуелсіз дереккөздерден алынған  мәліметтердің тоғысуы. Мысалы, Ресейдегі COVID-19 індетіне байланысты мәліметтердің бұрмалануы мүмкін екеніне байланысты тұжырымдар – Ресейден басқа елдердің берген мәліметтерін топтастыру кезінде шықты. Себебі, Ресей берген мәліметтер медициналық жәрдем әлдеқайда қуатты елдердің мәліметтерінен оғаш оқшауланып тұрды. Оған Reuters зерттеу жасағанда – шынымен солай болып шықты.

BigData – аналитикалық нәрсе. Толассыз мәліметтерді шығарып алу мүмкін болғанымен, олардың статистикасын, функционал тәуелдіктерін оқи білу қажет. Біз «Қара сөздерді» – сұрыпталмаған (unstructured) күйде алдық. Сосын ондағы мәліметтерді өз қалауымызбен сұрыптап (мысалы, қазақ ұлтына қатысты сөйлемдерді жинап алдық), оны мазмұны бойынша жіктедік. BigData-журналистика да көбіне осы жолмен жүреді.

BigData туралы  кең тараған жаңсақ пікір.

Сұрақ: BigData сонда инфографика жасау ма?

Жауап: Жоқ. BigData – мәлімет жинау, табу әдісі. Ал инфографика – мәліметті көрсету форматы. BigData-ға негізделген мақалаларда инфографиканың көп болуы – мәліметтерді оңтайлы, ұғынықты көрсету әрекеті ғана. Ондай мақаланы тек мәтінмен жазуға да болар еді. BigData-ның мақсаты – инфографика жасау емес, мәлімет жинау.

Ерлан Оспан

Бұл жоба АҚШ халықаралық даму агенттігінің (USAID) қолдауымен Қазақстандағы Internews өкілдігінің “Media CAMP — Орталық Азия” бағдарламасы аясында жүзеге асты.

 

Бөлісу: