Натальяның Пушкиннің көзіне шөп салған жеріне дейін - тарихтан. Қалғаны - BigData-дан...
Натальяның Пушкиннің көзіне шөп салған жеріне дейін - тарихтан. Қалғаны - BigData-дан...

BigData дегеніміз не? Бір мысал

Бөлісу:

Өткен лоңридтен соң, BigData жөнінде көп сұрақ қойылды. Ол сұрақтардың жөні бар. Себебі BigData тақырыбын журналистикаға байланысты зерттеп жүрген адамға – интернетке қатысты BigData-аналитика туралы материалдар шыға береді.

Көбінің шатасатындары – BigData-ны таза журналистік технология ретінде қарайды екен. Тіпті де олай емес. BigData – коррупцияны зерттеп жүрген журналиске де, алыс жұлдыздардан келген сигналдардан заңдылық іздеген астрономға да көмектесе алады. Бұл жерде журналиске де, астрономға да – түрлі дереккөзден келген мәліметтер жиынын сараптау қабілеті керек. Ал сараптау қабілеті туабітті талант па, әлде машықтануға болатын кәсіп пе – ол сұраққа жауабым жоқ.

BigData деп – түрлі дереккөзден жиналған мәліметтерден жаңа ақпарат, жаңа дерек шығаруды айтуға болады.

Мұны BigData анықтамасы деп айта алмаймын, бірақ, постулат ретінде қабылдауға әбден болады.

Коррупцияны зерттейтін журналист салық органдарына да, қаржы ұйымдарына да, кеденге де сұрау салып, барлық мәліметтен мәселенің бейнесін құрастырар еді. Астроном да Жер шарының түкпір-түкпірінде шашылып жатқан обсерваториялардың, аспанда қалқып жүрген спутниктердің мәліметтерін топтастырып, қандай да бір жаңалық шығарып алуға тырысар еді.

BigData-мен жұмыс принциптерін түсіну үшін интернетте тамаша роликтер бар. Солардың бірі – Яндекстің “Мороз и Солнце. Последняя дуэль Пушкина” атты мысалы.

Яндекс. Дантес пен Пушкин атысқан күн

Дантес пен Пушкин атысқан жер мен қару, сол күнгі ауа райы белгілі болса – осы мәліметтерден қандай қорытынды шығаруға болады? Бірге көрейік:

Қарап тұрсақ, мұндағы тұжырымдарды жасауға тек атыс болған күнгі ауа райы мәліметтері емес, сонымен бірге көптеген дүниелердің физикалық қасиеттері де ескерілді. Мұны журналистік зерттеу жасауға жарақтанып алатын өте қуатты әдіс деуге болады.

Ерлан Оспан

БҰЛ ЖОБА АҚШ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДАМУ АГЕНТТІГІНІҢ (USAID) ҚОЛДАУЫМЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ INTERNEWS ӨКІЛДІГІНІҢ “MEDIA CAMP — ОРТАЛЫҚ АЗИЯ” БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСТЫ.
Бөлісу: