Онлайн оқытудың міндеті – жаңа медиа үшін контентті даярлау, үздік мақалалар үшін қажетті аудиторияны тарту үшін әдіс-тәсілдерді қолдану, фактчекинг пен верификация құралдарын пайдалану, SEO іздеу жүйелерін және әлеуметтік желілерде тиімді жұмыс жасау жолдарын журналистерге үйрету.

New Media – журналистерге арналған оқулар

Бөлісу:

17 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «New Media – журналистерге арналған оқулар» қазақ тіліндегі семинарлар сериясын бастайды. Жоба аясында елімізде тұңғыш рет онлайн форматта журналистерге арналған оқулар басталады.

«New Media – қазақ тіліндегі оқулар» − Қазақстан Республикасының  журналистеріне, соның ішінде, телевизия, радио, баспа, интернет саласындағы журналистерге және жаңа медиа өкілдеріне арналған ауқымды digital онлайн оқытуға арналған ерекше жоба.

Жобаның мақсаты – digital дәуірінде медиа салаға қажетті оқулардан, әдіс-тәсілдерден тысқары қалмау үшін БАҚ өкілдерінің кәсіби біліктілігін арттыру. Оқырмандар мен көрермендер жаңа медиа форматында жаңалықтарды, белгілі бір оқиғалар мен сенсацияларды қалай қабылдайды? Өз кезегінде табысты онлайн контентті жасау үшін журналист қандай әдіс-тәсілдерді пайдалануы тиіс. Аталмыш актуалды мәселелердің басын ашу.

Онлайн оқулар туралы ойымен «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қорының бас директорының орынбасары Махаббат Есен бөліскен болатын:

– Бүгінгі күні әлемді жаулаған коронавирус пандемиясы кезінде барлық қызмет салалары өздерінің үйреншікті жұмыс тәсілдерінен алшақ кетіп, өзгеріске ұшырауда. Журналистика саласы да көштен тыс қалмады.

Сол себепті біздің «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жоспарлап қойған  «New Media – қазақ тіліндегі оқулар» онлайн семинары әріптестерімізге мол ақпарат пен тиімді әдістерді ұсынатын болады деген үміттеміз.

Онлайн оқытудың міндеті – жаңа медиа үшін контентті даярлау, үздік мақалалар үшін қажетті аудиторияны тарту үшін әдіс-тәсілдерді қолдану, фактчекинг пен верификация құралдарын пайдалану, SEO іздеу жүйелерін және әлеуметтік желілерде тиімді жұмыс жасау жолдарын журналистерге үйрету.

Онлайн семинарларымыздың оқытушылары конвергентті журналистиканы үздің өкілдері  –  «Aiqyn» газетінің бас редакторы Нұрмұхамед Байғара, Еlorda.info сайтының бас редакторы Ерлан Оспан, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы Тұлпар Жәнібек, Халықаралық журналист Назгүл Кенжетай, «Method Digital Education» бағдарламалау мектебінің өкілі, блогер Айдос Маруан.

Журналистерге арналған онлайн оқытудың тыңдарманы ретінде жазылып үлгермедіңіз бе?  17 маусымға дейін mdq.kz сайтына өтіп қатысушының өтінім формасын толтыруға уақытыңыз әлі де бар.

Бөлісу: