МЕН – АТЕИСПІН

Бөлісу:

«Орталық Азиядағы радикалдану мен жалған ақпаратқа қарсы тұрақтылықты күшейту»

Өзін атеист деп атайтын және дін өкілі болып табылмайтын адамдар бар. Олардың бұл жолға қалай келгендерін және олардың өмірлік көзқарасы не нәрсеге негізделгенін білуге ​​қызықтық. Дәстүрлі қоғамдағы атеизм туралы Қызылорда облысы, Қазалы ауданының тұрғыны, театр режиссері Хан Асановпен әңгімелестік.

 

– Сәлеметсіздер ме! Қайырлы сәт!

Менің есімім Хан, тегім Асанов. Мен – театр режиссерімін. Жасым 27-де. МЕН – АТЕИСПІН.

Ислам дінінен алшақтауыңызға не себеп болды және сіздің бүгінгі өмірлік көзқарасыңыз/діни көзқарасыңыз?

– Ислам дінінен алшақтауыма басты себеп: Менің жеке өміріме қолсұғушылықтар көп болып кетті. Ол жерде: сен ондай болуың керек, бұндай болуың керек, сен тәртіпті болуың керек. Содан кейін, діннен жәймендеп жиіркене бастадым. Толыққанды дүниесін қабылдамағанымның ең басты себебі мені осындай жолға алып келді.

Сіздің қазіргі діни көзқарасыңызды жақындарыңыз/достарыңыз қалай қабылдайды?

– Әрине, келіспеушіліктер болады. Олар тіпті қабылдамай да жатады. Көпшілігі менің сенімімді жоққа шығарады. Олардың діни сенімдерін жоққа шығарып, өздерінің істегендерін өздеріне істесем болады. Алайда, олай жасасам, менің олардан еш айырмашылығым болмайды деп ойлаймын. Діннен бас тартқалы мен гуманизмдік ілімге жақындадым деп айсам болады. Мені гумандық тақырыпқа алып барған ең бірінші Будданың ілім кітаптары. Мен діннің барлығын қабылдадым. Ислам дінін қабылдап намаз оқыдым, содан соң Інжілді оқыдым, одан кейін Будданы оқыдым, Яхудилердің, Индуисттердің кітаптарын оқыдым. Толыққанды оқымасамда, ішінен өзіме керегін түйдім. Ең соңғы оқыған кітабым, – Будданың Даосизм  ілімі. Соның ішінде гумандық тақырыптағы көрсеткен жолы ұнады. Ал енді біздегі діни көзқарастағы гумандық тақырыппен дінсіз гумандық көзқарас тақырыбының арасы жер мен көктей.

Қалай ойлайсыз, біздің қоғамда өзге дін иелеріне және дінге сенбейтіндерге кемсітушілік жасалады ма?

– Жеке өміріне қолсұғушылық – содан басталады. Сен ана дін өкілі екенсің, мына дін өкілі екенсің деп алалаушылық бар. Тіпті ислам дінін ұстанып намаз оқып жүргендердің арасында да бөлінетіндер көп. Ол өте ұзақ тақырып, тіпті әлемдегі соғыстардың барлығы дін үшін болған. Анық айта аламын дінде екі нәрсе бар ол: шектеу және жарнамалау. Ал көп нәрсе дінде жоқ: еркіндік жоқ, болстандық жоқ… Үреймен өмір сүру – адамдарды басқарудың ең оңай жолы деп ойлаймын.

Сіздің бүгінгі көзқарасыңыз қалыптасам дегенше басыңыздан қандай жайларды өткердіңіз?

– Жалпы қалыптасу үшін не істеу керек? Қадам жасау керек. Бірінші қадам, екінші қадамнан алысырақ болуы керек. Жүрген жолыңа қайрылып қарағанда алысқа кеткеніңді байқасаң бұл – қадам барысындағы қалыптасушылық деп саналады. Мен осыған жетем дегенше, қоғамның мені бөлуіне алшақтату. Аяқтан шалу деген сияқты көрініске өз тарапымнан көп куә болдым. Менің көзқарасыма қарап бағыт алып тұрғандай. Ең бастысы біреуді танымай тұрып, біреуді қабылдамай тұрып, өзіңді өзің танып ал, сосын өзіңді өзің қабылда. Содан кейін барып басқаларды қабылдай алатыныңды білесің. Сенің қалыптасуыңа, осы саты болады.

Сіздің көзқарасыңыздан достарыңыздың сенімі өзгерді ме?

– Иә, өзгерді. Әр нәрсені ойлап басы қатып жүргенін көргенде – мен де осындай болдым ғой деп ойланам. Дұрыс бағыт бергім келеді.  «Без фанатизма» көзқарасты ұстануға ұсынамын. Жаным ашығандарға, көмектескім келгендерге: «сырттан қарап көрші?!» деймін. Сөйтіп достарымның біразын сыртқа шақырып алдым да. Енді ойыңдағының барлығын сырт көзбен қарап көр деймін.

Бірінші бұл жерде не келеді ойға? Әрине, дін, сенім… Олар үшін дәл бұлай сыртқа шығып кетіп, басқаша бір ой ойлау тіпті мүмкін емес.

Дін қабылдамағаныңыз үшін қоғамдық көзқарастан қысым көрген жағдайлар болды ма?

– Нәзіктік те, қатыгездік те отбасынан беріледі ғой. Жолымдағы ең басты менің нәзік тұсым – отбасы. Маған қысым отбасынан келеді. Өйткені олар өздерінің жүрген жолдарымен жүргізгісі келеді. Яғни олар ешқандай да бір өзгерістің болғанын қаламайды. Демек әкемнің 20жасында істегенін мен де жасауым керек. Мен де балама 20 жасымда жасағанымды жасатқым келеді. Бұл өзгеріске деген сеніміміздің төменгі дәрежеде тұрғандығы.

Мысалы, 80мың халқы бар бір ауданда, 79 999 адам әр жұмадан-жұмаға барып, бір-біріне салауат айтып жүрсе, бір ғана адам жүмыс пен үйдің арасында жүрсе… Енді 79 999 адам өзгерістің болмағанын қаласа, бір адам ғана қаншама халыққа қарсы тұра алмайды. Осы жағынан қысым көп болады.

Атеистік көзқарасты ұстанатын жұртшылыққа біздің қоғамда өмір сүру қиын ба?

– Дәстүрлі қоғамда атеисттік ұстанымда қиын. Өйткені атеистік көзқарасты адамдардың дәстүрлі ортасы жоқ. Ал олар көбейсе, ондай орта болатын болса, ешқандай қарсылық, қысым болмас еді. Бұны қабылдамаудың басты себебі: жаңашылдыққа деген ешқандай ұмтылыс жоқ.  Жоқ нәрседен қорқады.

Қазіргі жетілген сана-сезіміңізбен өткен шақтағы өзіңізге не дер едіңіз?

– Өткен шақтағы өмірді қайта сүргім келеді, аңсайсың.

Ал енді қазіргі қалыптасқан сана сезіммен айтатын бір ғана нәрсе бар. Ол: тек еңбектен! Оқы! Көзіңдң аш! Бұның барлығы уақытша!

Ең бастысы – діндегі Ханға айтарым: керегі жоқ! Оданда білім ал, көзіңді аш, оян!

Атеизммен байланысты өміріңізде болған қызықты оқиғамен  бөліссеңіз?

– Көңілімнен шығатын, ұнайтын бір қыз болды. Қарым-қатынас барлығы жақсы болып келеді да, діни сенімге байланысты келіспеушілік болды. Ол қыз намаз оқиды. Оған өзімнің сезімімді, сенімімді айтқан кезде: маған менімен бірге жұмаққа бірге баратын адам керек деді. Мифке әлі күнге дейін сенетіндері қызықтырады мені. Таң қалдырады.

Қоғамда атеист неимесе басқа діни көзқарас иесі екеніңізді ашық айтуға кедергілер болуы мүмкін бе?

Ең басты кедергі – ұлттың шеңберінде қалып қойғаның. Яғни бір нәрсе дұрыс істемесң: «Ей, сен қазақсың ғой!», – деп шығады.

Қазақтың қыздары қандай еді дейді. Қазақтың батырлары қандай еді дейді. Ол дәуір өтіп кетті ғой, жаңа дәуір келді. Жаңа дәуірдің адамдары бола тұра, сол баяғы ескі дәстүр, танымнан алыстай алмай жатырмыз. Жаңаруды қалаймыз, бірақ іштей қаламаймыз.

Мәселен, маған керегі қымбат көлік, жаңа телефон. Былайынша айтқан кезде ескінің жаңаруы. Бұл жерде ескі деген не екенін тауып алу керек. Бұл жерде ескі тек сенің санаң ғана. Егерде мен өзімнің атеист екенімді ертерек айтсам, жұрттың бәрі бұны қабылдаса керемет болар еді. Алайда, біздің қоғам шындықты қабылдай алмайтын қоғам. Барлығы шындықты айтқаннан естігенді жақсы көреді. Егер қоғамым қабылдай алса, мен өзімнің гей екенімді айқайлап айта аламын, мысалы. Мен өзімнің атеист екенімді айқайлап айта алам.

Істеп жүрген істерімнің барлығын, көп жағдайда жасырын түрде жасауға тиісті болып қаламын. Мен сияқты ойлайтын қаншама азаматтардың барын да білемін. Менің басымнан кешкен трагедияларды, оларда кешіп жүргенін мен білем. Бұның тоқтауы жоқ деп ойлаймын.

Соңғы нүкте, соңғы сөз еш уақытта айтылмайды. Бұл әлі қай бір жылдар, қай бір ғасырларға дейін созылатын ұзақ әңгіме.

Дәстүрлі қоғамдағы атеизм туралы дінтану маманы Әлижан Әлібекұлының пікірін тыңдадық: 

– Адамдар қалай атеист болады? Көбінесе бізде сенім туралы мәселе түсінігі дәстүрлі емес. Баланы кішкентай кезінен бастап діни тұрғыда діни ұғымдар канондарына оқытпайды. Барлық білімді ертегілер мен әңгімелер арқылы береді. Зейнет жасының өскеніне байланысты жас отбасылар атасы мен әжесінен бөлек тұрады, сол себептен ұрпақтан-ұрпаққа ата мен әжеден берілетін білім ғаламтор арқылы беріліп жатыр. Бізде осындай болжамды диссонанс болып жатыр. Бала көкте тіршілік ететін жаратылыстың барына сенбейтін сияқты.

Сіздің өміріңізді кім басқаруы керек және оның нұсқауларын неге орындау керек? Бұл өте орынды сұрақ. «Неге мен оған сенуім керек?» – ол сенуі керек, өйткені күмән – ол қорқынышты ауыр күнә деп жауап беріледі. Бірақ егер біз Декартты еске түсірсек, Декарт «Мен күмәнданамын, демек мен өмір сүремін», – ол нені меңзеді? Декартың меңзегені, сіз қасиетті түрде қандай-да бір көзқарастарға соқыр түрде сене алмайсыз. Бірақ жеке тәжірибе арқылы, өзіңіз арқылы өткізіп, басқаша айтқанда, қандай да бір азап шеккенде ғана сіз бір нәрсеге сене аласыз. Сізге қандай да бір дәлелдер базасы қажет, міне бізде сенушінің алғашқы қақтығысы пайда болады, ол құдайдың бар екеніне сенеді, дегенмен, ол оның бар екендігіне дәлел іздейді, яғни тағы да осында сенім мен дәлел процестері соқтығысады, яғни дәлелсіз ол сене алмайды. Осы сәтте атеизмнің алғашқы рудименттері туындайды. Басқаша айтқанда, шынында ол бар ма деген күмән. Бұл жерде тағы бір жәйт бар, адам жәй атеист емес агностик болып кетуі мүмкін, яғни оған дәлел керек. Агностизм деген дәлелдемелік факт. Егер құдай бар болса дәлелдемелік базасын жібер, бірақ сенушілерге ешқандай дәлелдің қажеттілігі жоқ.

Логикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, олардың түпкі сенім көзі қасиетті жазбалар болып табылады. Адамдар олардан дәлел сұраған жағдайда олар қайтадан сол қасиетті жазбаларға сүйенеді яғни қасиетті жазбалар ерікті түсіндірілмейтін, ескірмейтін догмат, өйткені ол құдайдың сөздері, алайда оның жазылуыда белгілі бір күмән тудырады.  Осыны қорытындылай келе, адамды діннен кішігірім алшақтатуға әкеледі. Осы процесте ол әрі қарай атеист немесе агностик болуы мүмкін. Сонда қоғамдағы осы фактіні қабылдайды немесе қабылдамайды. Кеңес Одағында өмір сүрген ғылыми атеизм идеясын немесе атеизм ұстанымдарын бастан кешірсек те, қоғамда оның ізі әлі сақталған. Сондықтан біздің дәстүрлі қазақи қоғамда оның азды-көпті болу орны бар. Бірақ біздің аймағымыздың аумақтық тиесілігінен қорытындылайтын болсақ, Қазақстанның оңтүстік бөлігінде солтүстікке қарағанда, бастапқыдан мұсылманшылықтың әсері басым болған және бұны тарихи архитектуралық ескерткіштерден, мазарлардан, 12-13 ғасырларда соғылған мавзолей мешіттерден байқауға болады. Ал Солтүстік Қазақстанда Қарағанды облысында бұндай архетектуралық ескерткіштер жоқтығы осыны дәлелдейді.

Енді қоғамға қайта оралатын болсақ, дәстүрлі қазақи ортада бала  ешбір дінді ұстанбаса оның өміріне аса қауіп төнбейді, бірақ адамдардың қабылдамауы ыңғайсыздық тудырады. Жоғарыда айтылғандай көбінде зиялы қауым немесе ғылым адамдары атеист болады.  Бұлардың білімділігіндей жеткілікті білімді болмаған соң, қақтығыс пайда болады және атеисттерге қарсы қойылатын бірінші дәлел «Неге онда маймылдар адамға айналмайды?» Алайда осы сұрақты қойған адам Дарвиннің еңбетерімен таныс болса, адам маймылдан емес адам тәрізді гоминидтен пайда болғанын білер еді.  Осынның бәрі сенушілердің ғылыми білімді жеткіліксіз меңгергенін, соның салдарынан дінге соқыр сенімділікпен қарайтынын айтады. Оларды атеист ұстана алмайды, өйткені оған міндетті түрде дәлел керек. Қазақи дәстүрлі қоғамдағы атисттердің мәні осы.

 

Бұл бейне Еуропалық Одақтың қаржылай қолдауымен әзірленген. Бейненің мазмұны Жамиля Касымканованың жауапкершілігіне жатады және Еуропалық Одақтың көзқарасын білдірмейді.

Автор: Жамиля Касымканова

Бөлісу: