Берлиндік суретші Google Maps-тің осал тұсын тапты


Айтпақшы, бұл жазбаны Telegram-каналдан да жедел оқи салуға болады ;-)
Бөлісу:

Неміс суретшісі Симон Веккерт (Simon Weckert) Google Maps-ті алжастырды. Ол осы карта жүйесінде 99 телефонның көмегімен “көлік кептелісін” тіркеді.

DW Deutsche Welle - Неміс толқыны

DW Deutsche Welle – Неміс толқыны


Яндекс Дзенде де оқи салуға болады

Deutsche Welle – Неміс толқыны. Көлік кептелісінің имитациясын жасау үшін суретші 99 мобил телефонды балалардың арбасына салып алып, Берлиннің Фридрихсхайн, Кройцберг аудандарын кезіп жүрген. Нәтижесінде Google Maps қосулы телефондарды автомобиль ретінде тіркеп, суретші жүрген көшелерді картада кептеліс бар деп көрсеткен. Сол күні көшелер әдеттегіден ашық болса да, көліктер осы мәліметке алданып, айналып өтіп отырған.

Симон Веккерттің бұл акциясы – Google мен мобил қосымшалардың өмірімізге әсеріне және мұндай жүйелерде мәліметтердің өңін айналдырып беруге болатынына назар аударту мақсатында екен.

Берлин – Германияда көлік кептелісі жиі қалалардың бірі. INRIX компаниясының зерттеуі бойынша, әр жүргізуші Берлиндегі кептелісте жылына орташа есеппен 154 сағатын өткізеді.

Бөлісу: