Фотода: Ауылшаруашылық шенеунігің «шопандар малды онлайн сататын болады» деп отырған тарихи сәті.
Фотода: Ауылшаруашылық шенеунігің «шопандар малды онлайн сататын болады» деп отырған тарихи сәті.

Цифрландыру — әпербақандық пен қажеттіктің түсініксіз буданы


Айтпақшы, бұл жазбаны Telegram-каналдан да жедел оқи салуға болады ;-)
Бөлісу:

200X жылдары Ақтөбеде, тура «Океанның» қуысында компьютер дүкені болды.

Көз қарықтырар неонмен көмкерілген сөрелері бар бақталастарының қасында әлдеқашан жабылып қалуы керек еді. Бірақ нарықтан өз орнын тапты. Дайын компьютер емес, құрастырып алғысы келетіндерге бұл дүкен арзандау, тіпті кейде арзан шығатын.


Яндекс Дзенде де оқи салуға болады

Директор да, бухгалтер де, сатушы да өзі шалды қағытып қалудан шаршамайтын едік. Мысалы, «1C: Бухгалтерия» сатып, шотты Excel-ден шығарып беруші еді. Өзіңіз де біреуін қойып алмайсыз ба десек, «не ұнамай тұр, Минфин бекіткен тап сол форма, тап сол жазуларды Excel-де шығарады» дейтін.

Цифрланса, ең алдымен компьютер дүкені цифрланар еді де. Көпканалды телефон қойып. Сайтын жасап. Тағысы тағы. Жоқ. Әйтеуір, өзім тұрақты клиент болғалы телефон көтергенін зарыға күтумен, заттарды сайттан емес, өз аяғыммен барып қараумен кеттім.

Адам өміріндегі елеусіз көптің бірі болуы тиіс сол шалды «Цифрландыру» науқаны есіме түсірді. Шынымен, шал өз ісіне тек экономикалық тұрғыдан қарады-ау. Айталық, компьютердің қараңғы қуыс-қолтығын қарауға арнайы шам емес, кәдімгі он бес теңгенің шамы бар оттықты пайдалана беруі. Немесе, шотты бұрын басылған қағаздың таза бетіне баса салуы. Жоға, бұл ешқандай сараңдық емес. Бұл — ұқып пен қисын.

Өкінішке қарай, қазақстандық цифрландыру науқаны тек заманауилық атрибуты ретінде насихатталып, шын мәнінде қажет — экономикалық эффект бағытында бола алмады. Басты себеп: мұның айналасында алаяқтар көп болғанға ұқсайды. Алаяқ деген сөз «білмейтіндер» деген емес. Керісінше, гений алаяқтар. Қазақстан ең болмаса софт үшін Ресей фирмаларына кетіп жатқан миллиардтаған қаржыны алып қала алар еді. Немесе ведомостволар өзара отырып, бірі бірінен «отбасы құрамы туралы анықтама болмаса, өліп қалмайтын шығарсыз?» деп сұрап, сандалу санын азайта алар еді. Мобайл операторлар арқылы ауылдарды біржола 4G байланыспен жауып тастар еді. Еді де еді. Бірақ бәрі де — «малшылар енді малын арнайы қосымша арқылы сата алатын болады» деген сияқты далбасаға жұмсалды. Меніңше, цифрландыру — советтердің ауылшаруашылықты механизациялау ұранына ұқсап басталды, енді солай бітейін деп тұр. COVID-19 әкелген экономикалық шындық енді оны да сазға отырғызған сияқты. Президент шыңғыртқан кезде де серверлерді көтере алмай, ақыры министрі кетіп тынды. Тақырыпқа кейін бір оралармыз.

Бөлісу: