BigData елегінде – сенаттағы отырыстар

Бөлісу:

Сенат – ең жоғары заң шығарушы орган. Оның шешімдері еліміздің тынысының айнасы болуын күту заңды. Айталық, бір замандарда тарихшы сенаттың не талқылағанын қарап, мемлекеттің түрлі кезеңдерде қандай мәселемен айналысқанын, нендей проблемаларға тап болғанын көре алар еді.

Қазақстанда коронавирус жұқтыру белгісі 13 наурыз күні анықталды. 3 күннен соң төтенше жағдай енгізілді.

Биылғы коронавирус індеті – бүкіләлемдік супертренд. Ендеше бұл тақырыпта мемлекеттің барлық мінберінен айтылуы заңды. Дегенмен, ҚР сенатының 2020 жылғы отырыстарының стенограммалары бұл жөнінен оқшау тұр.

ҚР сенаты коронавируске байланысты БАҚ-та алғашқы рет 24 шілдеде – сенатқа сайлауға байланысты тілге тиек етілген. Онда да… сенатқа сайлау кезіндегі індет қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы айтылған. /сілтеме 20.11.2020 күні инкогнито режимінде қаралды/:

ҚР сенаты коронавируске байланысты БАҚ-та алғашқы рет 24 шілдеде - сенатқа сайлауға байланысты тілге тиек етілген. Онда да... сенатқа сайлау кезіндегі індет қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы айтылған.

ҚР сенаты коронавируске байланысты БАҚ-та алғашқы рет 24 шілдеде - сенатқа сайлауға байланысты тілге тиек етілген. Онда да... сенатқа сайлау кезіндегі індет қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы айтылған.

Салыстыру үшін. АҚШ сенаты 26 наурыз күні коронавируске байланысты экономикаға 2 трлн доллар көмек беру туралы шешім қабылдаған. Парламент жүйесі ұқсас қоспалаталы Ресейдің де күн тәртібінде індет тақырыбы болған. Мысалы, Федерация кеңесі (“Совет Федерации”, біздің сенат сияқты – Ресей парламентінің жоғары палатасы іспетті) коронавируске байланысты жұмыссыздардың негізі табысын арттыруды сұраған.

Бұл жерде институционалдық ерекшеліктер туралы пікір болуы мүмкін, бірақ бұл ең алдымен – факт. Ал елдің бас мінберінен – коронавирус ахуалында қандай да бір әрекет күтуіміз орынды.

Сонда қалай, ҚР сенаты – күйіп тұрған, тапқазірлік мәселелермен айналыса алмай ма?

Стенограммалар тізіміне сүйенсек, індет алғаш тіркелгеннен 6 күннен кейін – 19 наурыз күні отырыс болған. Міне, сол күнгі талқыланған тақырыптар:

– «Қазақстан Республикасы мен Бразилия Федеративтік Республикасы арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде;

– «Қазақстан Республикасы мен Бразилия Федеративтік Республикасы арасындағы адамдарды ұстап беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде;

– «Қазақстан Республикасы мен Бразилия Федеративтік Республикасы арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде;

– «2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) және өздігінен жүретін машина және техниканың басқа да түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімге Армения Республикасының қосылуы туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде;

– «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі жағдайлар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырда қол қойылған хаттамаға өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде.

Сенат әдетте – мәжіліс жіберген заңдарды қарайды. Мәжіліс бұларды бірнеше күн, немесе ай бұрын бекіткен болса, сенаттың жұмыс регламенті алдын ала жасалатыны айқын. Стенограммаларда жыл аяғына дейін індет туралы бір де тақырып болмағандықтан, сенатты тек алдын ала бекітіліген күн тәртібі бойынша жұмыс істейді деп топшылауға болады. Яғни елдің тап қазір кешіп отырған ауыртпалығы сенаттың күн тәртібіне кіру үшін міндетті түрде – түрлі процедуралардан өтуі тиіс.

Жыл басынан – қазан айының 29 күніне дейін сенаттың 23 отырысы өткен екен. Әр отырыста орташа есеппен 5-6 тақырып талқыланған. Олардың біреуі де елдегі ағымдағы мәселелермен сәйкес келмейді. 

 

Бұл жерде сенат тек мәжіліс жіберген мәселелерді қарайды деген уәж болуы мүмкін. Бірақ мемлекет қиын жағдайға тап болғанда, мұндай процедураларды сақтау қаншалықты дұрыс?

Бұл мәселе бойынша әлеуметтік желіде белсенді сенаторлардың бірі Ақылбек Күршібаев мырзаның постына пікір қалдырғанмын.

Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы, Нұр-Сұлтан қаласынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.  Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің хатшысы. ©senate.parlam.kz

Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы, Нұр-Сұлтан қаласынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты.
Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің хатшысы. ©senate.parlam.kz

Сонымен, сұрақ (қалдырылған пікірдегідей, қаз қалпында):

Сонымен, сұрақ (қалдырылған пікірдегідей, қаз қалпында)

Ассалаумағалейкүм, Ақылбек мырза!

Тақырыптан сәл тыс мәселе айтсам.
Сенат отырысының стенограммаларына сүйеніп, мақала дайындап жатырмын.
Байқағаным:
1. Күн тәртібіне елдегі ірі оқиғалар еш әсер етпейтін сияқты. Індеттің бас кезінде де, орта шенінде де, “өрт те де, дауылда да” – әлдеқашан дайындалған регламент бойынша ғана жұмыс жасалатын сияқты. Неге олай? Бұған – Сенат регламенті туралы заң міндеттей ме? Неліктен шұғыл қарастыратын мәселелер болмайды?
2. Талқылау процедурасы жөнінде. Бірауыздан қолдау таппаған заң жобасы мен ұсыныстарды стенограммалардан кездестірмедім. Жақсы, комитеттер мен депутаттар сессия алдында тақырыппен танысты делік. Онда Сенат отырысының мазмұны неде? Тек дауыстарды есептеп, бекіту үшін ғана ма?
Назар аударған болсаңыз – көп рахмет! Сіздің мәртебеліңіздің жауабы мен үшін үлкен сый болар еді.

Бұған сенатор былай деп жауап берді:

Бұған сенатор былай деп жауап берді

Сәлеметсіз бе.
Сондықтан, мен осы жазбамның соңында “…егер де Парламентіміз дамыған елдер іспетті жұмыс істесе…” деп жаздым…

 

“Жазбамның соңында…” деп отырғаны мынау:

Время бежит быстро… .
Вот уже прошло почти 2,5 месяца как я работаю в Парламенте.
Хочу отчитаться перед Вами, что я сделал здесь за это время.
Направил Премьер-Министру 4 депутатских запроса, где поднял нерешаемую властями проблему сельчан по обеспечению пастбищами их личного скота, о недостатках и коррупционных составляющих в работе госорганов по стабилизации цен на продукты питания, о приписках в статотчетности АПК, о необходимости демократизации в управлении ВУЗами, сменяемости ректоров.
Как председатель оргкомитета по организации Парламентских слушаний о развитии сельских территорий, сделал анализ, подготовил основной доклад о нынешнем состоянии наших сел и представил свои предложения. Теперь, «Ауыл-Ел бесігі» станет самостоятельным национальным проектом со своим финансированием.(!)
И ещё, выступил против принятия Закона о сокращении размера водоохранных полос в городах республиканского значения с 35 до 20 метров. Потому, что это принципиально важно для сохранности наших водных ресурсов.
Сенат поддержал меня и законопроект возвращён для доработки. Как я понял, такое здесь бывает не часто.
Намерен и буду стараться дальше так работать.
Здесь я ещё больше уверовал в том, что будет больше порядка в исполнительной власти, госслужащие станут работать гораздо эффективнее, будет меньше беспредела с хищениями бюджетных средств, если наш Парламент будет таким как в развитых странах.
Будет по-настоящему влиятельным и представлять интересы своего народа.
Осылайша біз, ҚР сенантының шұғыл мәселелерді қарамайтынын білдік. Келесі жазбада – біз сенаттағы талқылау процедураларына үңілеміз. Өткізіп алмаңыз, бұл – өте қызық!

Ерлан Оспан

БҰЛ ЖОБА АҚШ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДАМУ АГЕНТТІГІНІҢ (USAID) ҚОЛДАУЫМЕН ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ INTERNEWS ӨКІЛДІГІНІҢ “MEDIA CAMP — ОРТАЛЫҚ АЗИЯ” БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСТЫ.

Бөлісу: